Алматыда үш науқас коронавирустан жазылып, ауруханадан шығарылды. Олардың бірі - екі жасар қыз, - деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Бүгінге дейін Алматыда коронавирустан 10 адам жазылып шықты. Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда 369 адам коронавирус жұқтырған, 26 адам сауықты, 3 адам қайтыс болды.