«Абай» операсы Мәскеуде сахналанады
«Абай» операсы Мәскеуде сахналанады
520
оқылды
«Астана Опера»  Мәскеудің Үлкен театрында «Абай» опе­ра­сы мен «Париж Құдай анасы соборы» балетін ұсынады. «Астана Опера» театры Ресейдің Үлкен театрына гас­троль­дік сапармен бара­­­ды. Мұндай шешім Қазақ­стан мен Ресей елшілігі және екі астананың басты театр­­ла­­рының келісімінің ар­­­­­қа­сын­да қабылданып отыр. Екі театр жетекшілері – Ғалым Ахмедияров пен Вла­­ди­мир Урин тиісті құжат­қа қол қойған. 5-11 қыркүйек ара­­лығында ресейліктерге Ах­­мет Жұбанов пен Латиф Ха­­мидидің музыкасы мен Мұх­­­тар Әуезовтің либ­рет­то­сы­на жазылған «Абай» опе­ра­­сы ұсынылады. Сон­дай-ақ Мо­­рис Жаррдың музыкасына не­­гізделген «Париж Құдай ана­­сы соборы» балеті қойы­ла­ды. Гастрольдік сапар Қа­зақ­стан және Ресей ел­ші­­­ліктері мен Қазақ­стан­ның Мәдениет және спорт ми­­нистрлігінің қолдауымен өте­ді. Айта кету керек, 2019 жы­лы «Астана Опера» Мәс­кеу­дің Үлкен театры екі жақ­ты ынтымақтастыққа  қол қой­ған  болатын.
– Біз ресейлік атақ­ты теа­тр­лармен ынтымақтас­тық­­та жұмыс істейміз. Үлкен театр тарихы тереңге тартқан ұжым. Бұл өнер орыны өздерінің танымал шығармаларын тек Қазақстан ғана емес, әлемнің әр бұрышында орындап жүр. Біздің «Абай» атты қойы­лы­мы­мыз «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын үлкен жоба. Сондықтан бұл ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған тамаша тарту бо­ла­ды деп есептейміз, – дей­­ді «Ас­тана Опера» теа­тры­­­ның ди­ректоры Ғалым Ахмедия­ров.
  Әділ БЕК