Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері сәуірден бастап 5% артатынын айтты. "Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері 10%-ға ұлғаяды. Жыл басында бұл төлемдер 5% өскен болатын. Енді тағы осындай мөлшерде арттырылады", - деді министр тілші сауалына. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы кеше Қазақстан халқына арналған үндеуінде Үкіметке инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырды.