Австралиялық ғалымдар СОVID-19 коронавирустық инфекциясынан дәрі-дәрмексіз емдеудің жолын тапты, – деп хабарлайда КТК. Телеарнаның мәліметінше, оның жалғыз жолы – күшті иммунитет екенін Shraibikus News сайты зерттеп, жазған. Австралиялық дәрігерлер коронавирус симптомдарымен ауруханаға жатқызылған әйелді бақылауға алған. Мамандар әйелде бұрын-соңды созылмалы аурулар мен зиянды әдеттер болмағанын анықтаған. Медицина қызметкерлері науқасқа дәрі-дәрмектер мен вирусқа қарсы препараттарды қолданбаған. Эксперимент ретінде иммундық жүйенің өз бетінше күресуіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде, 14 күннен соң науқас індеттен толық жазылып, ауруханадан шығарылған. Осы зерттеуден әрбір адам өзіне белгілі бір қорытынды жасауы керек. Жұқтырудан сақтану ғана емес, сонымен қатар, иммундық жүйені күшейтіп, дұрыс әрі құнарлы тағам жеу қажет.