Қазақстанда тағы 16 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды
Қазақстанда тағы 16 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды
Фото: Интернеттен алынды
113
оқылды
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 16 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы – 7, Қарағанды облысы – 6, Атырау облысы – 2, Солтүстік-Қазақстан облысы – 1 адам. Қазақстан бойынша барлығы 402 жағдай тіркелді. Айта кетейік, бұған дейін бүгін коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелгенін хабарлаған едік. Оның төртеуі Алматы қаласының тұрғыны болса, екеуі Жамбыл облысының азаматтары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2 сәуір, 00:05 уақыты бойынша елімізде 386 адам covid-19 дертін жұқтырды. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында – 90 адам, Қарағанды облысында – 15 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 16 адам, Жамбыл облысында -5 адам, Шымкент қаласында – 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 5 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 25 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 5 адам, жалпы 386 науқас тіркелді.