Бастама «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастырып, жүзеге асырып отыр. Басты мақсат – төтенше жағдайға байланысты көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсету, оның ішінде, балалар мен қарттар үйіне және аз қамтылған отбасылар мен қала тұрғындарына жәрдемдесу. Жуырда қолға алынған бұл бастамаға он беске жуық әйел ат салысып жатыр. Олар күніне 300 медициналық бетперде тігіп, халыққа тегін таратады. «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының қызметкері Перизат Еркебай: «Құранда бір-бірлеріңе жақсылықта көмектесіңдер деп жазылған. Сол үшін, бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін деп көмек ретінде маска тігуді қолға алдық. Материалын мақта матадан тігіп жатырмыз. Бұл маскаларды бірнеше рет жуып, қайта пайдалануға болады, – дейді.