Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «декреттік демалыста отырғандар жәрдемақы ала ма?» деген сауалға жауап берді. Төтенше жағдайда жұмыссыз қалған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы беру туралы шешім қабылдады. Министр «Декретте отырған келіншектер төтенше жағдайда табысынан айырылғандардың санатына жата ма? Олар үшін 42 500 теңгені алуға мүмкіндігі қарастырылған ба?», – деген сауалға жауап берді. Министрдің айтуынша, ондай азаматтар 42 500 теңге жәрдемақы алмайды.
«42 500 теңге бұған дейін ресми және бейресми жұмыс істеп, табысынан айырылған азаматтарға ғана беріледі. Сондықтан декреттік демалыста отырғандар бұл санатқа кірмейді. Алайда ондай отбасыда табысынан айырылған адамдар болса, әлеуметтік төлемді міндетті түрде алады», – деді Нұрымбетов.Айта кетейік, 42 500 теңге жәрдемақыны жұмыссыз қалған азаматтардың барлығы алады.