Қазақша күресті мектеп бағдарламасына енгізбек

Қазақша күресті мектеп бағдарламасына енгізбек

Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Qazaq kuresi федерациясының президенті Дәурен Абаев Нұр-Сұлтандағы мектептерде қазақша күрес сабағы енгізілетінін айтты, – деп жазады Tengrinews.kz.

«Біздің басты мақсат – қазақша күреcті әлемдік деңгейге шығару. Сол себепті мектеп бағдарламасына осы қазақша күресті қоспақшымыз. 100 сағаттық оқу бағдарламасы әзірленді. Пилоттық жоба ретінде Нұр-Сұлтанның бес мектебінде бастаймыз. Қазақша күрес еліміздің барлық мектебінде оқытылуы үшін мамандарды тарту қажет», – деді Дәурен Абаев.
Ол үшін мамандар дайындау мақсатында Нұр-Сұлтанда Қазақ ұлттық күрес академиясы ашылады. «Академия мамандарды оқытумен ғана емес, білікті арттырумен айналысады. Спорттың басқа да түрлері сияқты қазақша күреске де осылай қарауымыз қажет», – деді Абаев.