Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, сәуірдің 2-сі мен 3-і аралығында Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ойысады, түнде кей жерлерде күшті жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райына байланысты болжамның дәлдігі 85-90 %. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.