Коронавирус инфекциясымен күрес аясында жүргізіліп жатқан эпидемияға қарсы іс-шараларға 23 468,5 млн теңге бөлінді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен Үкіметтің резервінен қаражат бөлу мәселесіне арналған баспасөз конференциясында айтылды. «Эпидемияға қарсы іс-шараларға 23 468,5 млн теңге бөлінді. Оның ішінде жеке қорғаныс құралдарын, дезинфекциялық құралдар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға 20 624,9 млн теңге, жылу түсіргіштер, зертханалық жабдықтар мен коронавирусты анықтауға арналған сынақ жүйелерін сатып алуға - 2 712,5 млн теңге және Қытайдағы қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін - 131,1 млн теңге бөлінді», - деді Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов. Оның айтуынша, аталған қаражат аясында аймақтарға жеке қорғаныс құралдарын, дезинфекциялық құралдар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға мақсатты трансферттер 11 563,9 млн теңгені құраған. «Оның ішінде 30%-ға жуығы, яғни 1 412,4 млн теңге - Нұр-Сұлтан қаласына, 1 419,9 млн теңге - Алматыға, 605 млн теңге - Шымкентке бағытталды», - дейді ол.