Мемлекет тарапынан жұмыссыздарға әлеуметтік төлем жасау үлкен көмек
Мемлекет тарапынан жұмыссыздарға әлеуметтік төлем жасау үлкен көмек
©Сурет интернеттен алынды
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жасаған үндеуінде көкейтесті мәселелер қозғалды. Мәселен, 3 миллион азаматқа 42 500 теңгеден жәрдемақы төленуі – халыққа үлкен көмек. Жұмыссыз, тіршіліксіз қалғандар көп. Соларға әлеуметтік көмек көрсетіп отырғаны жөн. Шынын айтсақ, көпшілігі Үкіметтің мұндай қадамға баратынын сенбеген еді. Бір терінің пұшпағын илеп отырған соң, мемлекетімізді сақтауымыз керек. Ал мемлекет сіз бен бізден тұрады.   Сондықтан біз, ешқайда бармай, еш жерге шықпай, шыдамдылық танытуымыз керек. Үкімет сақтық шараларын бегілеген соң, ұстануымыз тиіс. Әйтпесе, сақтық шараларын айтып жақанына екі ай болды. Әлі де құлақ аспай, сайран салып жүргендер бар. Карантин жарияламаса бүгінде ауырғандар 400-ден емес мыңнан асып кетер еді. Онсыз да геометриялық прогресспен өсіп жатыр. Енді карантиннің соңына дейін екі жұма қалды, соған шыдап, үйде отырғанға ештеңе етпейді. Өзім онлайн жұмыс істеп отырған соң, бос уақытым да жоқ. Ағайын-туғанның хал-жағдайын телефон арқылы хабарласып, біліп отырмыз. «Үш күнде көрге де үйренеді» демекші, үйде бірнеше күннен бері отырған соң, оған да үйрендік.