"Несиені артығымен төлейміз": Kaspi Bank клиенттері банк талаптарына қарсылық білдіріп жатыр
"Несиені артығымен төлейміз": Kaspi Bank клиенттері банк талаптарына қарсылық білдіріп жатыр
© сурет интернеттен алынды
306
оқылды
Kaspi Bank клиенттері төтенше жағдайға байланысты несиені үш айға шегеру шарттарына наразылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Әлеуметтік желілерде адамдар банктің несиені үш айға шегергенін, алайда үш айдан кейін ақшаны артығымен төлеуге тура келетінін жазып жатыр.
"Kaspi банк несие төлемін үш айға шегерді. Алайда осы уақытта процент жүре береді. Бәрібір үш айдың үстеме ақысын төлеуге тура келеді. Банктер, керісінше, пайда көріп жатыр. Жаңа несие бермесе де болады", - деді жазды бір клиент.
Sputnik Қазақстан осы мәселе бойынша Kaspi Bank-ке хабарласты. Қаржы ұйымның баспасөз қызметі клиент несиені үш айға шегеруге өтініш берсе, артық төлемнің артатынын растады. "Клиент үш айға төлемнен босатылады. Ондайда несие алушы төлемнің мерзімін өткізіп алған болып саналмайды. Алайда төлем мөлшері өседі. Ай сайынғы төлем сол күйінде қалады. Сосын клиент несиені кез келген уақытта мерзімінен бұрын жаба алады", - дейді Kaspi Bank-тың мамандары. Банк төлем мөлшері қаншалықты өсетінін ашып айтпады, әзірге бұны ұлттық банкпен бірлесіп пысықтап жатқанын хабарлады. Сондықтан қандай да бір өзгерістер болса, өз клиенттерін хабардар ететін болады. Айта кетейік, банктің шарттары бойынша әрбір клиенттің артық төлейтін ақшасы әртүрлі. Оның мөлшері несиенің сомасы мен мерзіміне байланысты. Оны өтініш берген кезде білуге болады. Барлық өтінім 2 сәуірден бастап Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы беріледі. Ондай шара тек 2020 жылы 18 наурызға дейін алынған несиелерге ғана қатысты қолданылады.