Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жұқтырған 5 адамның ауыр халде жатқанын айтты.
Еске салайық, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 423 науқас тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 193 адам, Алматы қаласында - 91 адам, Қарағанды облысында - 21 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 18 адам, Жамбыл облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам,Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 8 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 11 адам, жалпы 423 адам тіркелген.