84 мыңнан астам қазақстандық несие төлемін кейінге қалдыру үшін банктерге өтініш берді
84 мыңнан астам қазақстандық несие төлемін кейінге қалдыру үшін банктерге өтініш берді
© сурет интернеттен алынды
119
оқылды
84 мыңнан астам қазақстандық несие бойынша төлемін кейінге қалдыру үшін банктерге өтініш берді. «Бүгінгі күні екінші деңгейлі банктер және микроқаржы ұйымдары төлемдерді тоқтата тұруға жеке тұлғалардан 45,5 млн теңгеге 84 345 өтінім қабылдады, оның ішінде 12 071 өтінім мақұлданды. Жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілері бойынша екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары төлемдерді тоқтата тұруға 12,3 млн теңге сомаға 17 671 өтінім қабылдады, оның ішінде 3 244 өтінім мақұлданды»,– деді онлайн брифингте Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдрахманов. Оның айтуынша, бұл цифрлар жеке және заңды тұлғалардан өтінімдердің келіп түсуіне қарай әлі толықтырылады.