Індет жұқтырған түркістандықтар бір-бірімен байланыста болған
Індет жұқтырған түркістандықтар бір-бірімен байланыста болған
99
оқылды
Түркістан облысында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталып, індет жұтырғандардың жалпы саны 11-ге жетті. Атап айтқанда, Жетісай ауданынан - 3, Кентау қаласы - 1, Ордабасы ауданы – 1, Сайрам ауданында 1 науқас тіркелді. Кентаудан анықталған азамат Жетісай ауданынан шыққан науқаспен байланыста болған. Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары. Науқастар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай рухани орталығымызда сақтық шараларын жасау мақсатында Түркістан қаласы әкімі Р.А.Аюпов тұрғындарға үндеуі жариялады. Қала ішінде тұрғындардың аса қажеттіліксіз жүруіне тыйым салынды. – Бүгін қаламызға ҚР Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасымен  әскери қызметкерлер және арнайы техника жұмылдырылды. Жергілікті қызметкерлер тарапынан және осы кісілердің қатысуымен сақтық шаралар орындалуы қатаң қадағаланып, мойынсұнбаған тұрғындар заң аясында жауапқа тартылатынын ескертемін, – деді ол.

Тельман БЕЙСЕНОВ