Президент шешімдеріне жоғары баға берді
Президент шешімдеріне жоғары баға берді
128
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі мәлімет таратты. Тараптар әлемдегі коронавирус ін­детінің таралуына қатысты қазіргі ахуал­ды және оның салдарын жою жө­­ніндегі бірлескен шараларды тал­қы­лады. Шарль Мишель елімізде COVID-19 вирусының одан әрі таралуына жол бермеу үшін Қазақстан Пре­зи­дентінің нақ­ты іс-қимылдары мен шешімдеріне жо­ғары баға берді. Оның айтуынша Қа­зақстан Орталық Азия аймағындағы Еуропалық одақтың аса маңызды се­рік­тесі саналады. Осы ретте еліміздің ін­детке қарсы күрес жөніндегі халық­ара­лық және өңірлік іс-шараларға ат­са­лысуының маңызы зор екенін, оны Брюссельде жоғары бағалайты­нын жеткізді. Еуропалық Кеңестің басшысы Қа­зақ­стан Президентінің шағын және орта бизнесті қолдау, азаматтарды жұ­мыс­пен қамту, мемлекеттің халық ал­­­дындағы әлеуметтік міндеттемелерін орын­дау мақсатында дағдарысқа қар­сы қабылдаған іс-шараларын ерекше атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев мем­ле­кеттің әлеуметтік-экономикалық тұ­рақ­тылығын қамтамасыз ету үшін Қа­зақстанның нақты шешім қабыл­дай­тынын айтты. Әңгімелесу барысында Мемлекет бас­шысы Еуроодақ өкіліне пандемияға қар­сы күрес бойынша Ресейдің, Қы­тай­дың және Орталық Азиядағы бір­қа­тар елдердің басшыларымен те­ле­фон арқылы жүргізген келіссөздердің қорытындылары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Қазақстан Пре­зи­денті БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гу­тер­риштің коронавирусқа қарсы кү­рес­ке бағытталған, оның ішінде, ха­лық­аралық қаржыландыру (5 трлн дол­лар) арқылы әлемдегі әлсіз мем­ле­кеттерге көмек көрсету жөніндегі гу­ма­нитарлық жоспарын ілгерілету жайын­дағы бастамасын қолдайтынын айтты. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одаққа мүше елдер арасындағы қаты­настардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, атап айтқанда, Қа­зақстан мен Еуропалық одақ ара­сын­дағы серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы жаңа келісімді жүзеге асыру туралы пікір алмасты. Мемлекет басшысы аталған құжат­тың саяси диалогты одан әрі нығайту­дың, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара тиімді сауда-эко­номикалық және инвестициялық ын­тымақтастықты арттыруға берік негіз бо­латынын мәлім етті. Cөз соңында тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі бірқатар өзек­ті мәселеге назар аударды. Атап айт­қан­да, Шарль Мишель Астана фор­маты аясында өткен Сирия келіс­сөз­дерінің перспективасына қызығу­шы­лық танытты. Қасым-Жомарт Тоқаев Сириядағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі Женева процесін жалғастыратын келіссөздердің кезекті кезеңін өткізу үшін Қазақстанның өз алаңын ұсынуға дайын екенін нақ­ты­лады. Телефон арқылы сөйлесуге еуропа­лық тарап бастамашы болды.