42 500 теңге көмек кімге беріледі?
42 500 теңге көмек кімге беріледі?
143
оқылды
Мемлекет 42,5 мың теңге әлеуметтік көмек төлеуге кі­ріс­­­­ті. АӘК төлеу ке­зін­дегіден айырмашылығы сол, осы дүрлігудің көшеде көрініс беруіне коронавирус, карантин және халыққа қызмет көр­сету орталықтарының жабылуы тосқауыл болды. Елдің қо­­балжыған көңілін тек Үкімет пен жауапты меморгандарға қар­­ша бораған хаттар аңғартады. 31 наурыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үн­деу жасап, елдегі төтенше жағ­дай­ға байланысты Үкіметке бір­қатар тапсырма жүктеді. Әлемдік пан­демия індетінің кесірінен жұ­мыссыз, табыссыз қалған аза­мат­тарға берілетін 42 500 теңге әлеу­м­еттік көмекті алатындар са­на­тын кеңейту керегін ескертті. Осылайша аталған тізімге са­лық төлеушілер ғана емес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұ­мыссыздар да кірді. Кеше Премьер-Министр Ас­қар Маминнің басшылығымен өткен Үкіметтің онлайн оты­ры­сын­да 42 500 теңгелік әлеуметтік тө­лем 3 миллионға жуық адамға бе­рілетіні белгілі болды. Еңбек жә­не халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, қажетті қаражат Мемлекеттік әлеуметтік сақтан­дыру қорынан (МӘСҚ) аударыл­мақ. «Егер барлығы 3 млн адамға дейін жетсе, МӘСҚ-нан ай сайын­ғы төлемге 127,5 млрд теңге ба­ғытталады», – деді Б.Нұрым­бетов. Сонымен, әлеуметтік көмек ре­тінде берілетін ақшаны кімдер ала­ды? Министр келтірген дерек­ке сүйенсек, ол біріншіден жалда­ма­лы қызметкерлер. Яғни, шағын жә­не орта кәсіпорындары ақысыз де­ма­лысқа жіберілген жұмыс­шы­лар. Бұл санатқа карантинге жа­былған қалалардағы ірі кәсі­п­орын­­дар да жатады. Айта кетейік, ко­ронавирус індетіне қатысты жарияланған төтенше жағдай мен үлкен қалалардағы карантин ша­ралары бірден шағын және орта бизнеске әсер еткені белгілі. Бү­гін­гі күнге дейін «Атамекен» ұлт­тық кәсіпкерлер палатасының қыз­метіне жүгінген кәсіп иеле­рі­нің 20%-ы қызметкерлерін мүл­дем қысқартатынын, ал 50%-ы жұ­мысшыларды ақысыз еңбек де­малысына жіберуге мәжбүр бол­ғанын айтқан. Екіншіден – жеке тұлғалар, өз бе­тінше жұмыспен қамтылғандар. Еш жерде тіркелмей, өз бетінше жұмыс тауып, отбасын асырап отырған қаншама жан күнкөріс кө­­зінен айырылып қалды. «Олар­дың ішінде жеке кәсіпкерлер бар – 1,5 млн азамат. Жеке прак­ти­­ка­мен айналысып жүрген (жеке адво­каттар, сот орындаушылар, нота­риустар) 2 мыңнан астам осын­­дай азамат. Фрилансерден де 180 мың бар. Олар да табыс­та­ры­нан айырылуда. Соңғы 12 айда бі­рың­ғай жиынтық көлемін төле­г­ен 316 мың адам бар», – деп тү­сін­­дірді министр. Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі келтірген мә­лімет бойынша, 23 наурыздан бас­тап елімізде 1 мың адамның өті­ніші мақұлданып, 42 500 тең­ге­лік әлеуметтік көмек тағайын­да­лыпты. Бұл тұрғыда министрлік азаматтардан мәліметтерді дұрыс, сауатты толтыруды сұрап отыр. Осы уақытқа дейін Әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру қоры мен зейнетақы қорына бір рет бол­са да төлем жасаған азаматтар еш­қандай кедергісіз төлем алады. Сон­дай-ақ еш жерде тіркелмей әрі жоғарыдағы қорларға төлем жа­самай, түрлі жолмен табыс тауып келген азаматтардан да мұн­дай төлем талап етілмейтін бол­ды. «Олар тек бір рет бірыңғай жиынтық төлемді, яғни ЕСП төлесе жеткілікті. Ол үшін екінші дең­гейлі банктердің мобилдік қо­сымшасын пайдалануға бола­ды. Егер ол да болмаса SMS ар­қы­лы төлем жасауға болады. Қала тұрғындары үшін 5505 нөміріне GORODESP+ЖСН, ауыл тұр­ғын­дары үшін SELOESP+ЖСН деп жіберсе ақша алынады. Қала тұрғындары үшін ол ақшаның кө­лемі 2 651 теңге, ауыл тұрғын­дары үшін 1 325 теңге», – деді Б.Нұрымбетов. Айтқандай, мемлекет та­ғайын­­даған тиесілі әлеуметтік тө­лем туралы әңгіме шығысымен жұрт­шылық Egov.kz порталына кіріп, тіркелудің машақатын ай­тып, шағымдар көбейген бола­тын. «Жау жағадан алғанда, бөрі етек­тен» дегендей, әлеуметтік же­ліде осы жағдайды пайдаланып, қыз­метін жарнамалап жататын «қу­лар» да көбейіп кетті. Мә­се­лен, Whatsapp топтарда «42 500 тең­ге әлеуметтік көмекті алып бе­реміз, ол үшін жеке мәлімет­те­ріңіз­ді жолдаңыз» деген сыңай­да­ғы хабарландыру қаптап кетті. Ес­керте кетейік, адамның жеке де­ректерін (ЖСН, ЭЦҚ, банк кар­таларын) бөгде біреуге беру өте қауіпті жағдай. Осыған бай­ланысты «Азаматтарға арналған үкі­мет» МК тұрғындарды сақ болу­ға, алаяқтарға арбалып қал­мау­ға шақырып отыр. Бұл тұрғыда Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгелік төлемді алуға тіркелетін ар­найы сайт ашылатынын мә­лім­де­ді. «Электронды үкімет порта­лы­на қазір көп адам кіре алмай жатыр. Сондықтан Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігі БТС компаниясымен бір­лесе отырып, 42 500 теңгені алу үшін арнайы сайт ашамыз. Ол сайт­та азаматтар өз өтінішін қал­дыра алады», – деді министр. Одан бөлек, компьютер не­ме­се ноутбугыңыз болмаса қалта те­лефоныңызға Telegram bot қо­сымшасын жүктеп алып, сол ар­қылы тіркеле аласыз. Яғни, Тelegram-нан EgovKzBot2.0 өт­сеңіз, ары қарай нұсқаулық бойын­­­­ша жұмыс істей бересіз. Алай­да әлеуметтік желі арқылы әлеу­меттің ақшасын аңдып оты­ратын алаяқтар мұнда да түрлі жол­мен bot-тар ашып, өздеріне жар­нама жасап, жалған ақпарат та­ратуға кірісіп жатыр. Сондық­тан Telegram-дағы ресми bot – EgovKzBot2.0-ке ғана кіргеніңіз жөн. Иә, 42 500 теңге төлем бір жа­ғы­нан Whatsapp пен Instagram же­лісінен шықпайтын жұртты жаңа желіге (Telegram) үйретіп, бұрын ол туралы білмейтіндердің көк­жиегі кеңейіп қалатын болды. Әзіл әрине. Десе де, дағдарыс жаңа мүмкіндіктерге жол ашады де­ген сөздің жаны бар екеніне кө­зіміз жеткендей. Коронавирус құр­сауында көбіміз үйде отырып, он­лайн жұмыс істеуді үйреніп, ин­тернетті игі іске пайдалануды ұғып жатқанымыз рас. Хош, көптің көкейіндегі көп сауал­ға жауап табылғандай. 42 500 теңгені алатындар қатары да же­терлік екеніне көз жетті. Әйтсе де, былтырғы Атаулы әлеуметтік кө­мек (АӘК) берілген кездегідей ың­ғайсыз жағдайлар қайталан­бауы­на кім кепіл? Естеріңізде бол­са, елімізде табысын жасы­рып, мұқтаж жандармен бірге кө­мекке таласқандар көп болған. «Е-Халық» ақпараттық жүйесінің де­ректеріне сәйкес, 2019 жылғы қа­зан айында табысын жасырып, АӘК алуға талпынған отбасы саны 73 мыңнан асқаны айтылды. Сон­дай-ақ өңірлерде заңсыз АӘК та­ғайындаған жайттар да анық­та­лып жатты. Бұл «байдың асын бай­­ғұс қызғаныптының» кері емес, әлемді шарпыған вирус құр­сауын­да отырғанда мемлекет қар­жысы шын мұқтаж жандардың қо­лына тисе дегеннен туған ой. Табысынан айырылған тұр­ғын­дарға мемлекет қаржысынан 42 500 теңге тағайындауды тап­сыр­ған Пре­зидент Қ.Тоқаев та осын­дайда кей­бір азаматтардың жағ­дайы жақ­сы болса да, өтініш беріп, қо­сымша пайда көріп қалуға ты­ры­сатынын жасырмады. Дегенмен ондай жандар үшін мил­лиондаған азамат зардап шек­пеуі тиіс екенін ескертті.  

 width=    Бауыржан БАЗАР