Шымкент шекарасын жапты...
Шымкент шекарасын жапты...
Еліміздің үшінші мегапо­­лисі де 31 наурыз са­ғат 21.00-ден бастап шека­ра­сын жап­­ты. Қалада карантин жария­­ланбаса да, сақтық үшін тұр­­ғын­дардың жүріп-тұ­руы­на шектеу шаралары кү­шей­ді. Соның бірі – қала аума­­ғында транзиттік жүк көлік­­тері мен тіршілікті қам­та­­масыз ететін қызмет­тің ар­найы ав­то­кө­лігінен басқа транс­порттың кіруі мен шы­ғуына тыйым са­лынды. Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы осыдан 2 жыл бұрын ғана бөлініп шыққан болатын. Ал облыс орталығы Түркістан қаласында болғанымен, әкім­діктегі, басқа да сала қызмет­керлері әлі күнге дейін Шымкент қаласынан қа­тынап жұмыс істейді. Одан бө­лек, облыстың аудандары мегапо­лиспен айнала шекаралас. Демек, тір­шілігі бі­те қайнасқан екі ай­мақты ше­кара ғана бөліп тұр деме­сеңіз, адам­дарын бөлу мүмкін емес. Осы орайда, Шым­кент қала­сында жұмыс істейтін Түркістан облысына қарас­ты елді мекен тұрғындары ара­сында үлкен пікірталас туды. Шым­кент қала­сының төтенше жағ­дай жөніндегі штабы елімізде күр­делі ке­зеңге орай осындай мә­се­лелері бар қыз­мет­керлердің кіріп-шығуына рұқсат бермеді. Жұмыс орнынан берілген анық­тама қажетке жарамайды. Бұл талапқа тұрғындар көндіккісі келмей, бекеттерде айқай-шу шығуда. Осы мәселеге орай, қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар бекетті аралап, ондағы жиналған жолаушыларға шектеу кезіндегі талапты сақтап, үйлеріне қайтуға кеңес берді, сабырға шақырды. Тоғыз жолдың торабында жат­қан Шымкент қаласы үшін қауіпсіздік шараларын барынша күшейту қажетін түсіндірді.    width= Ал бекеттен тіршілікті қам­тамасыз ететін көліктер мен тран­зиттік жүк автомобильдерінің еш кедергісіз өтуі керегін атап өтті. Халықаралық маңызға ие «Ташкент – Алматы–Тер­мез» тасжолындағы «Ақжар», «Шымкент – Самара» бағытын­дағы, яғни қаладан Түркістанға шығатын «Бадам» бекеті мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дә­лізіне қосылатын «Бо­за­рық» бекетіне барған қала бас­шысы бірінші кезекте бар­лық бекетте «Жа­сыл дәліз» ұйым­дас­тыруды тап­сырды. Көлік жүр­­гізушілері мен оның сало­нын­­дағы жолаушы міндетті түр­де тір­кеуге алынып, ме­дици­на­лық құ­рылғымен тек­серіліп өт­кізіледі. Қала басшысы одан соң бір­­қа­тар көтерме базарды ара­лап, бағаны негізсіз көтеріп, таза­лық­ты сақтамаған жағдайда базар жа­бы­латынын ескертті. Мұрат Дүйсенбекұлы «Жібек жолы», «Қазыбек» базарында болып, он­дағы саудагерлермен жүздесті. Соны­мен қатар базарға келген сатып алу­шылардың шағымын жеке-жеке тыңдап, бағаны тұрақ­тан­­дыру үшін атқарылып жатқан жұ­­мысты түсіндірді. Ең бастысы, би­лік базарды аралаған кезде ба­ғаны арзандатып, одан кейін кө­теріп жіберген орындардың жаза­ланатынын жеткізді. Мұрат Әйтенов кәсіпкерлерді осындай қиын-қыстау кезінде пайда тауып қалуды ойламай, елге мейлінше қол ұшын беруге шақырды.
Бұл күні қала әкімі Шымкент­тегі ең ірі «Барыс-2007» ЖШС қоймасына барды. Серіктестік қой­маларында ұн, макарон өнім­­дері, тұз, тағы басқа тұтыну тауары­ның жет­кілікті қоры бар еке­ніне көз жет­кізді. Атап өтейік, «Ба­рыс-2007» ЖШС ұннан түрлі мак­а­рон өнімін шығарады. Қазіргі таң­да қажетті шикізат бар. Серіктестік сондай-ақ 4 облысқа өнімін жөнелтеді. «Тасымалдау теміржол арқылы жүргізіліп жатыр. Еш кедергі жоқ», – дейді «Барыс-2007» ЖШС-нің бас директоры Айжан Найымбетова.
Қаладағы азық-түлік қоры сақталған қоймаларды да ара­лап шыққан қала әкімі тауар тасы­малдауда қиындық жоқ еке­ніне көз жеткізді. Бағаны тұрақ­тандыру үшін биыл қордан 1,9 миллиард теңге қарастырылған. Мұрат Дүй­сенбекұлы қажет бол­ған жағ­дайда тағы 800 миллион теңге бө­луге болатынын жеткізді. Тұрақ­тандыру қорының көлемі 2,2 миллиард теңгені құрайды. Бүгінде қала әкімінің бастама­сымен Шымкентте азық-түлік ба­ғасын бақылайтын жедел жұмыс­шы тобы құрылған. Әлеуметтік ма­ңызы бар 11 азық-түлік тауары­ның бағасын тұрақтандыру үшін Gramad Retail ЖШС-мен келісімшарт түзілген. Сауда орны жыл соңына дейін бағаны тұрақты ұстап тұрады.  

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы