Қорғаныс министрі Алматы көшелерінде жүрген танкілердің видеосына қатысты сауалға жауап берді
Қорғаныс министрі Алматы көшелерінде жүрген танкілердің видеосына қатысты сауалға жауап берді
Фото: Интернеттен алынды
128
оқылды
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Алматы көшелеріндегі танкілердің видеосына қатысты түсінік берді. «Кеше әлеуметтік желілерге тарап кеткен видеороликке қатысты істің мән-жайын түсіндіріп кетсем деймін. Видеоролик арқылы Алматы қаласында ауыр техника легі кетіп бара жатыр деген ақпарат тарады.
Ақпан айының соңында Алматыдағы десанттық-штурмдық бригаданың үш танкісі полигонға барып, оқу-жаттығу жиынында жоспарлы атысты, оқуды өткізген болатын. Осы жылдың 16 наурызында елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты олар траллмен Алматыдағы дислокация аумағына қайтып оралған еді», – деді Нұрлан Ермекбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша 16 наурыздан бастап дислокация аумағынан шығарылмай, әскери даярлық шаралары тоқтатылған. «Қазір әскери даярлық тек әскери бөлімдердің ішінде жүргізіледі», – деді ол.