Жақсылыққа жетелеген челлендж
Жақсылыққа жетелеген челлендж
Ақтөбелік кәсіпкерлер Асқар мен Қалауша Садықов­тар жаңа челлендж бастады. Енді мейрамхана мен дәм­ханалар адамзат үшін аян­бай қызмет етіп жатқан дәр­ігер­лерге шай дастар­қа­нын да­йын­дап береді. «Атамекен» мейрамхана ке­шені бастама көтеріп, Ақтөбедегі инфекциялық аурухана дәрігер­леріне тәтті-дәмділерін апарып бер­ді. Кәсіпкерлердің игі ісі жұрт­т­ы сүйсіндіріп, желіде қызу талқы­ланды. Осындай сын сағатта қолдау бәріне керек-ақ. Әсіресе, дәрігер қауымы елдің сенімі мен ықыласына зәру. Мейрамхана иелері бұдан бөлек тағы бір емдеу мекемесіне дайындаған тағамын апарып, дәрігерлердің алғысын алды. Кәсіпкер Қалауша Садықова­ның айтуынша, төтен­ше жағдай кезінде вирус жұқ­тыр­ған­дарды жыл­дам анықтап, көмек көрсетіп жатқан дәрігер еңбегін бағалаған жөн. Сондықтан олар осындай әдіс­пен ақ халаттыларға алғыс айт­қысы келген. Тамақтану орталығы жұмысы тоқтап тұрса да, қолдау көр­сетуге дайын кәсіпкерлер чел­ленджді басқа мейрамханаларға жолдап отыр. Мейрамхана иелерінің бұл ісі #BizBirgemiz акциясының айналасына топтасады. Осыған қарап «әлемді ізгілік құтқарады» дегенмен үнсіз келісесің. Абзал жан­дардың өлшеусіз еңбе­гін баға­лап, рухани қолдау көрсете­тіндердің қарасы көбейетініне сенеміз.  

Айбике ЖАНАСЫЛ