Бүгін Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 16 адам тіркелген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оның ішінде 10 науқас Жетісай ауданында, Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал, Ордабасы және Сайрам аудандарында 1 адамнан тіркелді. Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, Түркістан облысы осы кезге дейін бірде-бір адам індетпен тіркелмеген облыстың бірі еді, алайда, осы аптаның басында жетісайлық азаматтың жұқтырғаны анықталып, оның басқаларға жұқтырғаны белгілі болды. Енді міне облыс аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны арта түсуде. Осыған орай жергілікті билік індеттеке қарсы күресті күшейтіп жатыр.
Тельман БЕЙСЕНОВ, Түркістан облысы.