Ауылдағы азаматтар коронавиурс бізге жетпейді деп ойлайды. Ал шындығында, ауылда да қатаң карантин талаптары қабылдануы қажет. Бұл туралы «Хабар 24» арнасындағы тікелей эфир арқылы өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Министр соңғы күндері карантиннің тиімді әсер етіп жатқанын, Алматы мен Нұрсұлтан қалаларында инфекцияның өсімі төмендегенін атап өтті. «Өкінішке қарай, кей өңірлерде, мысалы Түркістан, Қызылорда облыстарында аудандық деңгейде де коронавирус жұқтырған науқастар тіркелді. Ауылдағы азаматтар коронавирус бізге жетпейді деп ойлайды. Шынын айту керек, ауылда да қатаң карантиндік шаралар қабылдануы қажет. Қарт адамдарды оқшаулау керек. Жалпы балалар да, азаматтар да үйде отырып, қажетсіз қарым-қатынасты тоқтатса, эпидемияны төмендетуге қол жеткіземіз», – деді ол.
Тұмар Мырза