Біртанов карантин оң нәтиже бере бастағанын айтты
Біртанов карантин оң нәтиже бере бастағанын айтты
© сурет интернеттен алынды
126
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Біртанов Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында енгізілген карантин оң нәтиже бере бастағанын айтты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты. "Коронавирустың таралуының 30%-ы ұжымдағы қарым-қатынас кезінде жұғатыны белгілі болды. Бұл инфекцияның таралуына айтарлықтай әсер етті.  28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында енгізілген карантин оң нәтиже бере бастады. Мысалы, Алматыда коронавирустың жұғуы 8 адамнан 2 адамға, елордада  60 адамнан 15 адамға дейін азайды. Бұл карантин, өзін-өзі оқшаулау шараларының тиімділігін көрсетеді", - деді министр. Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында қызметі екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күшіне енген жұмыссыз режимді осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатынбыз. Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда 453 адам коронавирус жұқтырған, 29 адам сауықты, 3 адам қайтыс болды.