Мемлекет басшысы әнұранды бірге шырқаған тұрғындар бастамасына қолдау білдірді. «Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты бәріміз бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. #BizBirgemiz. We shall overcome», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында. Оның айтуынша, елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының Әнұранымызды бірге орындауы - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. «Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық», – дейді ол. Еске сала кетейік, бұған дейін желіде елорда тұрғындарының балконда әнұран шырқағаны көрсетілген видео тарады. https://www.youtube.com/watch?v=KOIFi-dzirs&feature=emb_logo