Ұлттық музей карантин кезінде онлайн режимде қызмет көрсете бастады

Ұлттық музей карантин кезінде онлайн режимде қызмет көрсете бастады 1

Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасын қолдау мақсатында Қазақстанның Ұлттық музейі карантин кезінде онлайн режимде қызмет көрсетеді. Осыған сәйкес тарихи-мәдени мұраларды насихаттау, экспонаттарды таныту және дәріптеу мақсатында "Жәдігер" жобасы қолға алынды.

Арнайы дайындалған "Жәдігер" роликтері арқылы музейдің байлығы саналатын асыл құндылықтар туралы мағлұмат беріледі.

"Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зертеу өлкетануды дамыту орталығы дайындаған бейне роликтерде еліміздің киелі жерлері туралы ақпараттар бар. Сонымен қатар музей мамандары онлайн режимінде түрлі тақырыптар бойынша дәріс оқиды. "Абайдың нақыл сөздері" де күнделікті көпшілік назарларына ұсынылуда. Музейдің экспозициялық залдарымен жақын танысу үшін арнайы виртуалды экскурсия дайындалды.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.