Дәрігерлер жақындарына ауру жұқтырмау үшін үйіне барғысы келмейді - Біртанов
Дәрігерлер жақындарына ауру жұқтырмау үшін үйіне барғысы келмейді - Біртанов
© сурет интернеттен алынды
2,126
оқылды
Коронавируспен күрес кезінде өңірлерде дәрігерлерге жатақханалар мен қонақүйден орын беріледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты. «Бүгін мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы және санитарлық стандарттарды мүлтіксіз орындау, медициналық ұйымдарды мақсатты қолдану және карантиндік және провизорлық стационарлардағы медициналық қызметкерлерді карантиндік жағдайға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Яғни, науқастармен байланыста болған медициналық мамандар бұл нысандарға келмеуі тиіс», - деді министр. Оның айтуынша, облыс әкімдері эпидемия кезіндегі жұмыста дәрігерлерге қонақүй мен жатақхана тауып, көлікпен және тамақпен қамтамасыз етіп жатыр. «Дәрігерлерге тиісті тұрмыстық жағдай жасалуы керек. Бірқатар өңірлер бұл жұмысты белсенді бастап кетті. Менің ойымша медициналық мамандардың мәселелері шешіліп, күдігі сейіледі. Түсінеміз, көптеген мамандар аурудан қауіптеніп, үйлеріне барғысы келмейді. Сондықтан, бұл шешімге толық негіз бар», - деді Е. Біртанов.