Банк қазақстандықтың 42 500 теңгесін несие өсімпұлына ұстап қалған
Банк қазақстандықтың 42 500 теңгесін несие өсімпұлына ұстап қалған
© сурет интернеттен алынды
122
оқылды
Қазақстандық банктердің бірі әлеуметтік төлем ретінде аударылған 42 500 теңгені несие бойынша өсімпұлға ұстап қалған. Бұл туралы Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Facebook-тегі парақшасында жазды. "Мұны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жолдадым. Банк 48 сағат ішінде ақшаны иесіне қайтармаса, ақшаны ұстап қалған банктің атауын жариялаймын. Банктерге ескерту: кеше Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нұсқаулығы жарияланды, есепшоттарға, аударылып жатқан төлемдерді ұстап қалуға тыйым салынады", - деп жазды ол. Кейінірек Президенттің штаттан тыс кеңесшісі 42 500 теңгенің қайтарылғанын айтты. Банктегілер алдағы уақытта мұндай жағдай болмауын қадағалаймыз деп уәде берді. "Сізден 42 500 теңге ұстап қалса, оны қайтаруын талап етіңіз. Банк бас тартса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жергілікті бөліміне хабарласыңыз", - деді Құдайбергенов.