«100 медбике коронавирус жұқтырды» деген ақпаратқа түсініктеме берілді
«100 медбике коронавирус жұқтырды» деген ақпаратқа түсініктеме берілді
277
оқылды
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы дертке шалдыққан жүз медбике туралы ақпаратты жоққа шығарды.  Аталған басқарманың хабарлауынша, әлеуметтік желілерде таралған «Қызылқоға ауданының тұрғыны 100 адамның инфекция жұқтыруына себепші болды, оның ішінде медицина қызметкерлері мен емделушілер бар» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. –  Облыстық ауруханада 28 жасар әйелмен байланысқан тек 27 адам бар. Оның ішінде мейірбике мен науқас қана  COVID-19 жұқтырған. Ал, қалған емделушілер мен қызметкерлер, яғни 25 адам оқшауланып, карантинге жатқызылды, – деп нақтылады Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы. Алып-қашпа ақпаратқа ресми жауап бергендер, жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушы ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша жазаланатын болады.  Оған 5000 АЕК көлемінде айыппұл,  не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұрғанын ескертуде.

Тұрсын Жұмабекқызы, Атырау облысы.