Аймағамбетов қашықтан оқытуға болатын платформаларды атады
Аймағамбетов қашықтан оқытуға болатын платформаларды атады
© сурет интернеттен алынды
2,116
оқылды
Елімізде оқушыларды қашықтан оқытатын Bilimland.kz, «Күнделік» , «Дарын онлайн» сияқты арнайы платформалар бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен мектеп оқушыларының ІV тоқсанда қашықтан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда айтылды. «Бізде Bilimland.kz , «Күнделік», «Дарын онлайн» сияқты арнайы платформалар бар. Оны қазіргі уақытта жетілдіріп, дайындап қойдық. Солардың ішінде әр мектеп осы платформалардың біріне тоқталып, жұмыс істейді», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Оның айтуынша, «Күнделік» платформасына сынама сабақ өткізген кезде 930 мың оқушы кіріп, тиісті дәріс алған. «Бізде «Дарын онлайн» деген жақсы платформа бар. Ол жерге 300 мың оқушы тіркелген және каникулға қарамастан жұмысын жүргізіп жатыр. оқушылар ол платформаны пайдаланып, жақсы пікір айтуда. Сондай-ақ, Bilimland.kz деген көптен бері қолданыстағы жақсы жүйе бар. Оны қашықтан оқыту форматына жетілдіріп, өзгерту жұмыстарын жүргіздік. Бұл жерге 390 мың бала тіркелген», - дейді ол.