Қалаулылар ауылдарға аттанады
Қалаулылар ауылдарға аттанады
300
оқылды
Депутаттардың ауыл-аймақтағы кездесулерінде халықтың әлеуметтік мәселелері басты назарда болады. Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтті. Жиында қаралған негізгі мәсе­ле биылғы 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында Мәжіліс депу­таттарының өңірлерге сапа­рына қатысты болды. Мәжіліс төрағасы атап өткен­­дей, депутаттардың ха­лық­­­­пен кездесулерінде бірін­ші кезекте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бас­­тамаларының жүзе­­ге асы­ры­лу барысына, оның ішін­­де, тұр­мысы төмен және көп­бала­лы отбасыларды қолдау шара­­­ла­рына ерекше көңіл бөлі­не­ді. Депутаттар жұртшылықпен жүздесу барысында осы бағыт­та қабылданған заңна­малық түзету­лер, сондай-ақ жалпы заң шы­ға­ру­шылық жұмыстар жөнінде баян­дайды. Парламентшілер өндіріс орын­дарында, ауылшаруа­шылық және әлеуметтік нысандарда бо­лып, еңбек ұжымдарымен және жас­тармен әңгімелеседі, соны­мен қатар қоғамдық қабылдау өткі­зіп, азаматтарды мазалаған жеке мәселелерін тыңдайды деп жоспарлануда. Барлық үш парламенттік фракциялардағы және Қазақ­стан халқы Ассамблеясы аты­нан сай­лан­ған Мәжіліс депу­таттары­ның халықпен кез­десуі тек об­лыс, ау­дан орта­лық­тарымен шектел­мей, шал­ғай­дағы елді­мекендерді де қамти­тын болады.