Ғалиасқар Сарыбаев: Саяси науқанға – айқын бағдар
Ғалиасқар Сарыбаев: Саяси науқанға – айқын бағдар
– Елбасы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде Қазақстан Республикасының президенттігіне партия атынан үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Съезге қатысушы 623 делегат Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады. – Елбасы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде Қазақстан Республикасының президенттігіне партия атынан үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Съезге қатысушы 623 делегат Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады. Жуырда өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезі алдағы жауапты саяси науқанға айқын бағыт-бағдар болды деп айтуға толық негіз бар. Съезд шешіміне қолдау таныта отырып, еліміздің өркендеуі жолында барлық стратегиялық бағдарламалардың жүзеге асырылуы жолында тынбай еңбек етеміз. Жуырда сайлау. Жетісу жұртшылығы да алда өтетін Президент сайлауына ұйымшылдықпен қатысып, егемен елдің өркендеуіне өз үлесін қосады. Партия басшылығы алға қойған міндеттерді атқару жолында нұротандықтардың іскерлігі сыналатын сәт те жақын. Ұлт көшбасшысы сеніп тапсырған әр бастаманы нақты іспен дәлелдеп, артылған сенімді ақтауға тырысамыз. Партия Төрағасы биліктің қалыпты əрі бейбіт жолмен берілуін қамта­масыз етіп, бүкіл əлемге Конституция аясында əрекет ететінімізді көрсетті. Қазіргі кездегі ең басты міндетіміз – осыған дейін қалыптасқан сыртқы саяси бағытымыздан айнымау. Осы орайда, жаңа сайланған мемлекет басшысы Елбасымыздың сарабдал саясатын жоғары жауапкершілікпен жалғастырып, еліміздің ұстанған даму бағытын одан ары жемісті жалғастырады деп сенеміз.