Үкімет басшысы өткізген Төтенше жағдай режимі туралы жиыннан соң, Нұр-Сұлтан мен Алматыда күшейтілген карантин мерзімі 13 сәуірге дейін ұзартылды. Үшінші мегаполис – Шымкентте де карантин жарияланды. Төтенше жағдайдың талабына сай елімізде той-жиын өткізуге, мақсатсыз үйден шығуға тыйым салынған.
Карантин талаптарын сақтап, үйде отырған Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласындағы көпқабатты үйдің тұрғындары балконға шығып, хормен ән шырқап жатыр.
Мемлекеттік Әнұран – «Менің Қазақстанымды» бірнеше қалада (Өлеңі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов) Қазақ елі хормен орындады.
Карантин режимі енгізілгелі ірі қалалардың тұрғындары ел арасына кең тараған әндерді орындап, бір-біріне рухани қолдау көрсетіп жатыр. https://www.facebook.com/100005149508491/videos/1569150946599874/ «Қазағым» (Өлеңі: И.Иса. Әні: Ө.Алтаев) Әулие мен абызын бағыт қылған қазағым, Домбыра мен қобызын шабыт қылған қазағым. Айдыны мен бұлағын суат қылған қазағым, Тұлпары мен қыранын қуат қылған қазағым. Қайырмасы: Қазағым, қазағым, таусылмасын ғажабың, Тарқамасын базарың, қайсар халқым-ай. Қазағым, қазағым, сарқылмасын өз әнің, Бұзылмасын ажарың, дарқан халқым-ай. Отырса да есікте тасып, толған қазағым, Аруына бесікте ғашық болған қазағым. Жазылмайтын уәдесін қазық қылған қазағым, Жаңылмайтын кәдесін азық қылған қазағым. Қайырмасы: Ақылы мен тақымын суытпаған қазағым, Ақыны мен батырын ұмытпаған қазағым. Өсиеті атаның ескірмеген қазағым, Туған жерін, Отанын қастерлеген қазағым, – деп елдің рухын көтерді. https://www.facebook.com/100005149508491/videos/1569152293266406/ «Ақ сәулем» (Өлеңі: Халықтыкі. Әні: Ө.Алтаев және А.Ыдрысов) «Өмір-өмір, өмір деген қатал-ақ, Өмірге адам келмейді ғой қайталап. Қиын екен, қиын екен сонда да...» - деген елордалық тұрғын көршілерін бірге ән шырқауға шақырды. https://www.facebook.com/100003469236338/videos/2677107642414851/ «Атамекен» (Әні: Е.Хасанғалиев. Өлеңі: Қ.Мырза Әли) «Қайда жүрсем атамекен. Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі ұясына, Қимай оны-ай батады екен», - деп хормен Шымкент қаласы «Нұрсәт» ықшамауданының тұрғындары «Атамекенді» әуелетті. [caption id="attachment_32976" align="alignnone" width="1023"]Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында: «Елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының Әнұранымызды бірге орындауы – Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық. Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты бәріміз бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. #BizBirgemiz. We shall overcome», – деп жазды.
Халық хормен айтып жатқан әндердің көпшілігі кеңес өкіметі кезінде, 90-жылдары тоқырау заманында халық арасында кең тараған. Тұрғындардың көпшілігі композитор Өктем Алтаевтың «Ақ сәулем» (Өлеңі: Халықтыкі. Әні: Ө.Алтаев және А.Ыдрысов), «Қазағым» (Өлеңі: И.Иса. Әні: Ө.Алтаев) және халық әні «Белесті» орындаса, ал Алматыда домбыра шертіп, скрипка, саксофонда ойнап, классикалық музыка тарту етті. Италияда басталған челенджге Алматыдан үн қосқандар да бар. Тұрғындарға балконда тегін концерт ұсынды. Шымкентте қала тұрғындары «Атамекенді» (Әні: Е.Хасанғалиев. Өлеңі: Қ.Мырза Әли) қосыла шырқады.Бұл марафон әрі қарай жалғасып жатыр. Халық карантинде балконда тік тұрып, хормен шырқаған әндердің барлығы - 30-40 жыл бұрын жазылған, халықтың жүрегінен орын алған әндер. Қазір неге мұндай әндер жоқ? Әлде күні-түні эфирден түспейтін әншілер айтып жүрген әндердің сөзін халық жаттап үлгере алмай жатыр ма? Бәлкім, даңғаза музыкасы басым әндердің сөзінен мән кетті ме? Біз осы сауалдардың жауабын композитор Өктем Алтаевтан сұрадық. [caption id="attachment_32979" align="alignnone" width="1280"]
Анасы «балам Алматыға барып, «Тамашада» ән айтты. Телевизордан көрсетеді» деп қуанғаннан қалбалақтап абысын-ажын, ағайын-туысты қара шаңыраққа шақырған. Бірақ ән эфирден берілмей, орта жолда «қырқылып» қалған екен. Солай «Баламыз телевизордан ән айтады. Бірге көреміз» деп жиналған көрші-қолаң, ағайын-туыс Өктем Алтаевты «Тамашадан» таппай, көңілі су сепкендей басылған.Бертінде «Қазағым» әні «Ән мен әншінің» көркемдік кеңесінен өтпей қалған. Бірақ әндерін халық қанша уақыт өтсе де, әлі де жүрегімен айтады. Сөзін де жатқа біледі.
«Әр әннің өз тыңдаушысы бар. Өйткені қазіргі әндерді бұрынғы әндермен салыстыруға келмейді. 90-жылдары жазылған әндерді өзіндік ерекшелігі бар. Айрықша сазымен елдің жүрегінен жол тапты. Әнді ел жаппай жаттап алып, айтып жатса, композиторға бұдан асқан бақыт жоқ. Соны ғана ән деп айту керек. Халық қосылып шырқай жөнелетін әндердің ғана ғұмыры мәңгілік», - дейді Өктем Алтаев.[caption id="attachment_32978" align="alignnone" width="1280"]