«Қиындықтар мен сынақтарды бірге еңсереміз!» – Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК

«Қиындықтар мен сынақтарды бірге еңсереміз!» – Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК

Пандемияның салдарынан туындаған ауқымды дағ­дарыс жағдайында ең алдымен қарапайым азаматтар кө­мекке мұқтаж. БҰҰ ұсынымына сәйкес, бүгінде ел­дер «қоғамның ең қорғансыз мүшелеріне» нақты қол­дау көрсетуге жұмылғаны жөн. Бір жағынан – бұл дағ­дарысты еңсеруге көмек берсе, екінші жағынан – құлдырап бара жатқан ішкі сұранысты, ұлттық экономиканы қолдайды. Сондықтан Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­та­ма­­сымен құ­рыл­ған Birgemiz қоры әуел бастан пандемиядан қорғанысы әлсіз аза­маттарға атаулы көмек көр­се­ту­ді бағдарға алды. Осыған байланысты Қор 150 мың­нан астам азаматқа 50 мың тең­ге мөлшерінде тікелей ақша­лай көмек көрсету туралы шешім қа­былдады. Бұлар негізінен ка­ран­тин қиындықтарын көбірек ше­гіп жатқан 23 ірі қаланың тұр­ғындары. Әкімдер мен әлеуметтік қор­ғау органдары ұсынған көмек алу­шылар тізімінде табыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топ­тар­дан құралған азаматтар қам­тыл­ған. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Ал­маты қалаларының 2 мыңнан ас­там дәрігерлері де 50 мың тең­геден алатын болады. Індет жұқ­тыр­ғандардың 70 пайызға жуығы осы қалаларда шоғырланған. Осын­­дай күрделі жағдайда шы­бын жандарын шүберекке түйіп, вируспен күрестің алдыңғы ше­бін­де жүрген медицина қызмет­кер­леріне атаулы көмек берудің маңызы зор. Мұқтаж жандарға осылайша қол­дау көрсетіп отыруымыз елі­міз­дің бизнесмен-меценаттары­ның қайырымдылық көмегінің арқасында мүмкін болып отыр. Қа­зір кім-кімге де оңай емес. Биз­нес қаншалықты ауқымды болса, оның проблемасы да соншалықты үлкен болмақ. Жұмыс орындарын сақтау, өндіріс процесін тоқтатпау, са­­лық төлеу секілді сансыз мін­дет­­тер бар. Соған қарамастан, олар­­дың көпшілігі Елбасының үн­деуіне қолдау білдіріп, аза­мат­тық ұстанымдарын көрсетті. Бұл үшін оларға тағы да алғыс ай­та­мын! Бұл көмек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасымен қолға алынған ауқым­ды қолдау шараларына қосымша болып табылады. Коронавирустың қатерін дер кезінде жете бағам­да­маған бірқатар елдермен салыс­тыр­ғанда, Қазақстан вирустың те­жеусіз таралуына жол бермей, дер кезінде шектеу шараларын қа­был­дады. Мемлекет басшысының бас­шылығымен Үкімет пен әкімдер ал­дын ала белсенді жұмыс жүр­гізуде. «Мықты Президент – ық­пал­ды Парламент – есеп беретін Үкі­мет» формуласы дағдарысты ке­зеңде өз тиімділігін көрсетуде. Бү­гінде Президент ұсынған қол­дау шаралары – ТМД елдері ара­сын­да ең көлемді, жүйелі және ре­сурспен қамтамасыз етілген дағдарысқа қарсы жоспар болып отыр. Оны жүзеге асыру үшін бюд­жеттен және Ұлттық қордан 5,9 трлн теңге бөлінді. Барлық қолға алынған іс-әре­кет, ең алдымен қазақстандық­тар­дың өмірі мен денсаулығын қор­ғауға бағытталған. Бұл – басты ба­сымдық. Мемлекет соңғы 2 жыл­да азаматтарды әлеуметтік қам­тамасыз ету бойынша көлемі ұл­ғайған міндеттемелеріне қа­ра­мастан, олардың орындалуына ке­пілдік береді. Еңбекақы, зейне­тақы, жәрдемақы уақытылы және толық көлемде төленетін болады. Қа­зіргідей жағдайда мұның өзі оңай шаруа емес. Қабылданған шаралар ке­шен­ді. Олар тек ағымдағы әлеуметтік міндеттерді ғана шешуге бағыт­тал­май, сонымен бірге елдің жаңа жағдайда дамуына негіз қалайды. Бұл – шағын және орта бизнесті ын­таландыру, инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіптік кешен­ді, жалпы отандық өндірісті қол­дау шаралары. Қазақстан – қазіргі кезеңде өңір­­дегі елдер ішінде экономи­ка­ның зардап шеккен секторларын­дағы кәсіпорындар үшін 6 айға салықты және еңбекақы қорынан тө­ленетін басқа да төлемдерді алып тастаған бірден-бір ел. Әсіресе, жұртшылық ұсыны­л­­ған шаралардың нақтылығын ерек­ше атап көрсетуде. Көмек алу­шылар тізіміне өзін-өзі жұ­мыс­пен қамтушылар мен бұрын бей­ресми табыс табушы тұлғалар­ды қосу 3 миллиондай азаматты қамтуға мүмкіндік берді. Шын мә­нінде, «Халық үніне құлақ аса­тын мемлекет» дегеніміз – осы. Осындай күрделі кезеңде мем­ле­кетіміз өзінің толысқандығын көр­сетіп отыр. Мемлекеттік инс­титут­тар орнықтылығын танытты. Кезінде Елбасы қалыптастырған мықты мемлекетті қамтамасыз ете­тін билік вертикаль мәселе­лер­ді жедел шешуге мүмкіндік беру­д­е. Үкіметтің дағдарыстарды ең­се­руде басқарушылық тәжірибесі жеткілікті. Тәуелсіздік жылдары Қазақ­стан өз экономикасын жоспарлы түрде дамытты, инвестициялар тартты, бизнеске қолайлы жағдай жа­сап, инфрақұрылымды белсен­ді дамытты. Елбасының страте­гиялық көрегендігінің арқасында бүгінде еліміздің Ұлттық қор және алтын-валюта қоры секілді «қауіп­­­сіздік жастығы» бар. Ха­лық­ара­­лық Moody’s рейтингтік агент­­тігінің бағалауы бойынша, Қазақ­стан өз жеке қорына сүйене оты­рып, ағымдағы жағдайдан шығуға қабілетті мемлекеттің бірі болып табылады. Тәуелсіздік жылдары Ел­басының басшылығымен кө­лем­ді әлеуметтік инфрақұрылым қа­лыптасты. Тек салынған ауру­ха­налар мен емханалардың өзі 1 400-ден асады. Бұл ретте «100 мек­­теп, 100 аурухана» бағдарла­ма­сын ерекше атап өткен жөн. Үздіксіз өзгеріс үстіндегі ахуал жаңа ережелерді талап етуде. Он­лайн режимі барған сайын біз­дің өмі­ріміздің ажырамас бөлігіне ай­налуда. Дәл осы сәтте «Цифрлы Қа­зақстан» бағдарламасын жос­парлы түрде іске асырудың оң тұс­тары айқын көрінуде. Мем­лекеттік аппарат әлеуметтік маңыз­ды мемлекеттік қызмет түр­лерін интернетке көшу арқылы өз жұмысын жедел қайта ұйым­дастыруда. Қазақстан мектептері мен жоғары оқу орындары кейбір қиындықтарға қарамастан, он­лайн білім беруге көшу үстінде. Осы және басқа да уақытылы жа­­­салған көптеген іс-қимылдар мем­лекеттігімізді нығайтып, бүгін­де дағдарысқа қарсы тиімді сая­сат жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Жұртшылық осынау коро­навирус пандемиясынан орын алған дағдарыстың салдары, жал­пы әлем экономикасы үшін ауыр әрі созылмалы болатынына көз жет­кізді. Осыған орай, эконо­ми­камызды қалпына келтіру қазақ­стандықтардан барынша ауыз­бір­шілікті, жауапкершілік пен күн сайын­ғы табанды еңбекті талап етпек. Біз бүгінгі қиындықтар мен сы­нақтарды осылай ғана ең­сере­міз!