Әлімханұлы үздік 15 боксшы қатарында
Әлімханұлы үздік 15 боксшы қатарында
287
оқылды
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік 15 боксшының қатарына кірді. Орта салмақтағы мықтылардың көшін қазақстандық Геннадий Головкин бастап тұр. Одан кейін польшалық Мацей Сулецки мен канадалық Стивен Батлер орналасқан. Бұл тұжырымның қазіргі чемпионы америкалық Деметриус Андраде саналады. Жәнібек Әлімханұлы бұл дивизионда 15-орынға жайғасқан. Сондай-ақ WBO Global белдігінің иегері қазақстандық Айдос Ербосынұлы да өз жағдайын жақсартқан. Екінші орта салмақта бокстасатын Айдос 12-орынға көтеріліпті. Оның категориясы бойынша, қазіргі әлем чемпионы, мексикалық Хильберто Рамирес. Ал үздік үштікте – неміс Шефат Исуфи, британиялық Билли Джо Сондерс және америкалық Джесси Харт бар.