Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өтетіні айтылды

Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өтетіні айтылды

Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өтетіні белгілі болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. "Экспресс-тестілер өткізу үшін пациенттерден сауалнама алу жүргізіледі. Тест өткізу рәсімін оңайлату үшін https://formcovid.eisz.kz/index.html сайтында пациент деректері енгізілетін сауалнама үлгісі жасалды. Бiр тексеруінен өтетін азаматтар санаты: - тыныс алу жүйесінің ауруларымен диспансерлік есепте тұрған тұлғалар; - респираторлық белгілері бар ауруханаға жатқызылмаған науқастар. - автомобиль өткізу пункттері мен темір жолдардағы мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы Қазақстанға кіретін азаматтар; - орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері. - карантиндік аймақтардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері. Жалпы, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тест тексеруінен өте алады. Экспресс-тест арқылы коронавирус инфекциясына диагноз қойылмайтынын атап өту маңызды, өйткені ол ағзадағы вирусты анықтамайды, тек қана вирусқа деген иммундық жүйенің реакциясын бағалайды. Экспресс-тестілер сенімділігінің 90%-дан аспайтынын атап өтеміз, сондықтан жағдайлардың 10%-на дейін әрі жалған-оң, әрі жалған-теріс нәтиже беруі мүмкін", – делінген хабарламада.