Жауды тықсыра қуған Әлібек
Жауды тықсыра қуған Әлібек
©Сурет интернеттен алынды
215
оқылды
1920 жылы дүниеге келген аға сержант Әлібек Қасымбеков Ұлы Отан соғысындағы ерлігімен ел есінде қалды. Ол жайында бірі білсе, бірі біле бермейді. Бірақ сол кездері Әлімбек Қасымбеков Қызыл Ту мен Сталинград-Дунай марапатын иеленген 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының және Богдан Хмельницкий орденін алған 8 атқыштар батальоны 209-шы Абганеровский гвардиялық атқыштар полкінің пулеметшілер тобының командирі болған.
Бір өзі немістермен арпалысып жүріп, жаудың 175 сарбазы мен офицерін қырып тастаған екен. Тіпті, сол ерлігі үшін 209-шы гвардиялық атқыштар полкінің гвардия подколковнигі Сергеев Ленин орденімен бірге Кеңес Одағының батыры атағын беруін сұраған. Алайда 1941 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылған ол, ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен ғана марапатталған.         
[caption id="attachment_33279" align="alignnone" width="1000"]соғыс ©Сурет интернеттен алынды[/caption]   Гвардия-пулеметшінің бұл ерлігін тарқатып айтар болсақ, оқиға Венгрия елінде болған. Ол жаудың қорғанысын бұзып, Надбай қаласының маңындағы Балажка Южная, Фельдхид, Шомодьшимони, Кацорлак секілді ауылдарды басып кіргенде жаужүрек батырлығын көрсетті. Немістің жаудырған оғына бой бермей, тоқтаусыз пулеметінен атқылай отырып,  қарулы баталионды алдыңғы шепке алып шығарды.
Әсіресе, Қасымбеков осы ерлігімен 1945 жылдың 4 сәуірінде Заласентбалаж ауылындағы ұрыста көзге түскен. Танктердің көмегімен үлкен күшті шоғырландырған жаудың қарсы шабуылында бастама бастап шыққан өзі еді. Жаудың қапталынан ытқып шыққан Қасымбеков пулеметінен оқ жаудырып отырып, жауды тықсыра қуып жіберген екен.