Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram-дағы парақшасында хабарлады. "Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді. Бүгін оның құрылысы басталған алаңда болдым. Бұл госпиталь коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналады. Тез салынатын модульды құрылыс жабдығынан бой көтеретін карантин орталығы 280 адамға есептелген. Соның ішінде 28-і қарқынды терапия бөлімшесіне арналады. https://youtu.be/4PWOxZBGLJE Мұндай госпитальды салу туралы шешім вирус пандемиясына тап болған басқа елдердің тәжірибесі әрі мамандардың ұсынысы негізінде қабылданды. Бұл — індетті дер кезінде анықтап, оны оқшаулауға және індетті жұқтырушыны емдеуге мүмкіндік береді. Осылайша біз аурудың таралу қаупін айтарлықтай төмендетіп, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыра аламыз", – деп жазды әкім.