САЙРАМДА САПАЛЫ ІС КӨП
САЙРАМДА САПАЛЫ ІС КӨП
354
оқылды
Түркістан облысындағы Сайрам ауданы қазір еліміздің Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткен Жолдауда­ғы басым міндеттерді ойда­ғы­дай атқаруда. Жыл көлемін­де ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның бір дәлелі, бюджет­тік сала қызметкерлері­нің, ­мұғалім­дердің жалақы­лары өсіп, ең төменгі айлық көлемі бірнеше есеге артты.

– Аудан экономикасына ­едә­уір мөлшерде инвестиция құйылып, жаңадан өндіріс орын­дары іске қосылып, әлеуметтік сала нысандары мен инфра­құ­рылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Елба­сының «100 нақты қадам» Ұлт жоспа­рының 98-қадамы аясында ауылдық округ деңгейінде жер­гілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. 11 ауыл округі бюджетінің көлемі өсті. Дербес бюджеттер – ауыл округі әкім­дерінің жергілікті маңызы бар мәсе­лелерін шешуге мүмкін­дік берді, – дейді аудан әкімі Бақтияр Мамаев. Расында, қазіргі уақытта өнер­­­кә­сіп – аудан экономика­сына серпін беретін негізгі сала. Өңірде құны 1,3 млрд теңгені құ­райтын 5 инвес­тициялық жоба іске қосылып, 191 жұ­мыс орны ашылды. Оның ішінде сұйық газ сақтайтын кешен, көкөніс кон­сер­вілерін шығаратын цех, сүт өнімдерін өңдейтін цех, тігін фабрикасы, сусын­дарға арналған пластикалық ыдыс шығаратын орталықты айта аламыз. Жалпы, индустриалды-инновациялық даму жобасы да ауданда сәтті жалғасын тапқан. Мәселен, 2015-2019 жылдарға арналған мемле­кеттiк бағдарламаға жалпы құны 7,8 млрд теңгелік 13 жоба енген. Ал 2013-2018 жылдар ара­лығында 9 жоба іске қосылып, 4,9 млрд тең­генің өнімі өндірілді. Нәти­же­сінде, 417 адам жұмыспен қам­тыл­ды. Аймақ ауыл ша­руа­шы­лығына қолайлы болған­дықтан, көкөніс егудің пайдасы шаш етектен. Осыған орай, 2018 жылы 5,2 гектар жерге жы­лыжай салын­ды. Қазір жұмыс істеп тұрған жылыжайлардың жалпы көлемі 31,4 гектарға жет­ті. 105 жы­лы­жай­дан бір жылда 2 мың тонна кө­көніс өнімі жина­лыпты. Фермер­лер болса, там­шы­латып суару әдісіне көшкен. Ауданда мал шаруашылығы да кен­желеп қалған жоқ. 10-15 басқа ар­налған 102 шағын мал борда­қылау алаңы, 42 отбасылық сүт ауласы жұмыс істейді. 989 мал бордақылау алаңында бір мезетте 34-35 мың бас мал бор­дақы­ланады. «Сыбаға» бағдар­ламасы бо­йынша 124 бас ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 230 бас ұсақ мал сатып алынса, «Құлан» бағдар­ламасы арқылы 42 бас жылқы алынып, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізді. 2018 жылы 31,5 мың тонна ет, 119,5 мың тонна сүт, 16 млн дана жұ­мыртқа өн­діріліпті. Сондықтан аудан­ның былтырғы «Агрофест-2018» фес­тивалінде ет өндіруден және мал шаруа­шы­лығы өнімдерін экспорттаудан бі­рінші орын ал­ғаны негізсіз емес. Әрине, мұның бәріне дем беріп отыр­ған – шағын және орта биз­нес. Аудан хал­қы­ның 12,3 пайызы қазір осы сала арқылы табыс тауып отыр. Кәсіп­кер болуға құлшын­ған­дардың да қатары көп. – Білім беру саласында да көрсеткіш қомақты. Аудан бо­йынша 12 мемле­кеттік, 8 мектеп жанындағы шағын орталық және 75 жекеменшік балабақша бар. Балабақшамен қамту 94,5 пайыз­ға жетіп отыр. Елбасы­мыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары­ның 84-қадамын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібіне көштік. 1763 отба­сына шартты ақшалай көмек, 281 отбасына шартсыз ақшалай көмек төленді. Осы отбасылардың жұмысқа жарам­ды 1 762 мүшесі тұрақты жұмыс­пен қамтылды, 48 адам жеке кәсібін ашты. Мемлекеттік бағ­дарлама аясында ұйымдас­ты­рыл­ған халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті да­мыту іс-шаралары, тұрғын­дардың әл-ауқатын көтеруге оң әсерін тигізді, – деді аудан әкімі. Жақында ғана Сайрам өңі­рінде болған облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев ауданда атқа­рылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Аймақ басшысының оң көзқарас танытуы да тегін емес. Былтыр «Еңбек» мемле­кеттік бағдарламасы» аясында 5 791 адам жұмыспен қамтыл­ды. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие бі­лік­тіліктер мен дағдылар бо­йынша 340 адам 10 мамандық бойынша қыс­қамерзімді кәсіптік оқумен қамтылса, кәсіптік ма­мандық алған 320 адам тұрақты жұмысқа орналасыпты. Ал «Бас­тау-бизнес» жо­басы бойынша 156 адам кәсіпкерлік негіздері бо­йынша білім алып, 167 адам шағын несие рәсімдеген. Жаңа бизнес-идеяларды іске асырған 11 кәсіпкерге 2,4 млн теңге грант­тар берілді. Жастар жылына орай аудан әкімі Бақтияр Мамаев Жастар ресурстық орталығына «Газель» автокөлігінің сертификатын та­быстады. Биыл да жастарға ­ар­налған дәстүрлі түрде «Ырыс алды – ынтымақ» форумы ұйым­дас­тырылып, олардың белсен­ділігін арт­тыру, жастар арасын­дағы құқық­бұ­зу­шылық­тардың алдын-алу, отансүй­гіштікке тәрбиелеу мәселесі сөз болды. Аудан туризм саласы бо­йынша да көш ілгері. Қазір аймақ­та 8 туристік нысан бар. Оның алтауы қонақүй, «Ман­кент» шипажайы және жеке­мен­шіктегі емдік сауықтыру орталығы. Сонымен қатар аудан­да «Сиқым баба» ке­сенесі мен «Жаныс баба» мавзо­лейі ор­наласқан. Алыстағы көп­шіліктің Ақсу өзенінің бойындағы жазғы дема­лыс орындарына жиі келе­тіні де рас. Ауданда арнайы туристік маршрут дайындалған. Аталған маршрутқа «Манкент» шипажайы, «Сиқым баба» және «Жаныс баба» кесенелері енгі­зілді. Қысқаша айтқанда, сансыз баптар мекені аталған Сайрам ауданында қазіргі уақытта сапа­лы іс өте көп.

Мейіргүл СЫБАН