Ақтауда ер адам карантиннен қашамын деп омыртқасын сындырды
Ақтауда ер адам карантиннен қашамын деп омыртқасын сындырды
© Сурет ғаламтордан
130
оқылды
Ақтауда ер адам карантинге жабылған тұрғын үйдің үшінші қабатынан секіремін деп, жарақат алды, - деп хабарлайды аймақтың денсаулық сақтау басқармасы.
"Ақтаудың 11-шағын ауданындағы уақытша науқастар тұрып жатқан № 10 тұрғын үй карантинге жабылды. Осы уақытта сондағы үйлердің бірінде қонақта болған Бейнеу ауданының тұрғыны үшінші қабаттан секіріп, қашып кетпек болған. Алайда ол омыртқасын сындырып, қазір ауруханада жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева.
Айта кетейік, тұрғын үй коронавирус анықталға соң оқшауланған. Онда вирус жұқтырған екі адам бір отбасы мүшесі.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау басқармасы өңір тұрғындарын үйден шықпауға шақырды.
"Тұмау белгілері пайда болып, дене қызуы көтерілсе, дереу жедел жәрдем шақырыңыз немесе емханаға қоңырау шалып, жағдайыңызды түсіндіріңіз. Ауруханаларға және жеке клиникаларға барудың қажеті жоқ", - деді басқармада өкілі.
Еске салайық, Маңғыстау облысында коронавирус расталған үш адам бар. бүгінде республикада коронавирус жұқтырғандар саны 525 адамға жетті. 36 адам дерттен айығып шықты, бес адам қайтыс болды