ҮЛКЕН ҮРДІС ҮЛГІСІ
ҮЛКЕН ҮРДІС  ҮЛГІСІ
259
оқылды
Қазақстандықтар бірлігінің ажырамас бөлігі – Қазақстан халқы ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғырту» атты XXVII сессиясы өтті. Ассамблеяның конституциялық-кеңесші органының басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен жыл сайын өткізілетін ҚХА сессиясының жоғары органы ширек ғасырға жуық уақыт тиімді жұмыс істеп келеді.

Осы сессия қарсаңында Ұлт­тық академиялық кітапхананың «Конституция» залында Ассам­блея кеңесінің кеңейтілген оты­рысы өткен болатын. Отырыс жұмысына Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин мырза қатысып: «Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­та­ма­сымен құрылған қазақстандық қоғамдық келісім моделі мен Қазақстан халқы ассамблеясы – полиэтностық жағдайдағы мем­лекеттік құрылыстың үздік әлемдік тәжірибесіне қосылған үлес», – деді. Шынында, Елбасы баста­масымен 1995 жылдың 1 нау­ры­зында құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы – еш елде жоқ бірегей институт. Ассамблеяның қалай құрылғаны, еліміздегі мүлдем жаңа тұрпатты саяси құрылымның қалай қалыптас­қаны көз алдымызда. Мем­ле­кеттік хатшы мұны «Назарбаев моделі» деп атады. Марат Мұқамбетқазыұлы Қа­зақстан халқы ассамблеясына  мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыратын, елімізде қоғам­дық-саяси тұрақтылықты қам­тамасыз ететін және этносаралық қатынастар саласындағы мем­лекеттік және азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимы­лының тиімділігін арттыратын Қазақстан Конституциясының кепілі деп баға берді. Жиырма төрт жыл ішінде осы бірегей институт халықтың бірлігі мен Қазақстан халқы ассамблеясы құрылымдарының жан-жақты жұмысының арқасында әрбір қазақстандықтың өмір сүру салтының ажырамас бөлігі, үлгілі моделіне айналды. Ассамблея құрылған сәттен бастап үздіксіз жетілдіріліп, халық қызметінің барлық сала­сын қамтыды. Саяси сарапшы­лардың айтуынша, әлемде ұлт пен ұлыс жарасымын қалыптас­тырған ешқандай модель жоқ екен. Біздің ассамблея жас та тәуелсіз мемлекетті қалыптас­тырудағы тірек, көмекші орган болды. Теңдесі жоқ осы бірегей институт құрамында түрлі қызмет саласына жауапты бөлімшелер жұмыс істейді. Қазір елімізде 1 338 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, сондай-ақ елуге тарта «Достық үйі» ашылған. Үш мыңдай қоғамдық келісім кеңес­тері қызмет атқарып жатыр. Мемлекеттік хатшы қазақ халқына қызмет қылған Затаевич, Брусиловский, Хамиди, Зверев, Шухов тәрізді тарихи тұлғаларды ардақтау қажетін еске салды. Бұл – бір ескерілмей келе жатқан нәрсе. Енді соның орны толса бір игі іс болар еді. Келесі жылы – Қазақстан халқы ассамблеясының – 25 жыл­дығы. Бұл – атаулы да ай­тулы дата. Қаншама ұлт пен ұлыстың өкілдерін киелі Қазақ елінің құрылысшылары жасау оңайға түскен жоқ. Бірақ бастама берекелі болды. Ол – анық!