Коронавирус әлемді де шарлап барады
Коронавирус әлемді де шарлап барады
© Сурет ғаламтордан
Өзбекстанда коронавирусты жұқтырған 241 адам анықталды Бір тәулік ішінде вирусты жұқтырғандар саны 14 адамға өсті. Бүгінгі таңда аталған елде 30 наурыздан 20 сәуірге дейін республиканың бүкіл әуежайларының жұмысы және барлық әуе қатынасы түгел тоқтатылды. COVID-19-дың таратылуына байланысты Өзбекстанда автокөлік қозғалысы арнайы рұқсат бойынша ғана жүзеге асырылады. Оған қоса, 1 сәуірден бастап Ташкентте және өңірлерде өзін-өзі оқшаулау режимі енгізілді, 65 жастан асқан азаматтарға үйден шығуға тыйым салынған. Ал Иран Ислам Республикасында бір күн ішінде COVID-19 вирусын жұқтырған 2 560 адам анықталды Жалпы ел бойынша 55 743 адам аталған вирусты жұқтырған. Олардың ішінде қайтыс болғандары — 3 452 адам. Бүгін Бельгияда өткен тәуліктен бері 1 661 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған Жалпы мұнда індетті жұқтырғандар саны — 18 431 адам. Өлім-жітім — 1283. Испанияда бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 537 адам анықталды Бұл елде барлығы 124 736 адамға COVID-19 диагнозы қойылған. Олардың ішінде 11 744-і қайтыс болған.