Дауыс беру – әр азаматтың парызы
Дауыс беру – әр азаматтың парызы
295
оқылды
Атырауда «Атырау – Жарық» АҚ еңбек ұжымының жиналысы өтті. Қазіргі заманғы президенттік басқару формасының дамуы және Қазақстандағы президенттік сайлау туралы талқылау болған жиында энергетика саласы мамандары, алдағы президенттік сайлауға жауапкершілікпен қарап, таңдау жасау әр азаматтың парызы деген пікірін ортаға салды.

«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының күрделі құрылыс мә­се­лелері бойынша вице-прези­денті, «Атырау Жарық» АҚ бас­тауыш партия ұйымының төрағасы Бағытжан Алипов еңбек ұжымы алдында сөз алды. – Біз қоғамды және қоғамдық сананы жаңғыртудың жаңа және маңызды жолында тұрмыз. Nur Otan партиясының XVIII съезі әлем­де болып жатқан дағдарыстар мен қиындықтарға қарамастан эко­номиканың қарқынды дамуы­на қол жеткізгенін нақтылап, елімізді тұрақты дамытудың алда тұрған басым бағыттарын айқын­дап берді. Партия съезінде Елбасы берген тапсырмаларды орындау үшін 4 ұлттық жоба бастау алды. Енді 9 маусымға жарияланған пре­зиденттік сайлауға жауап­керші­лік­пен қатысуға тиіспіз. Бүгінгі жина­лысымыздың күн тәртібінде осы тақырыпты қарастыратын бола­мыз, – деді. Бұдан кейін Nur Otan партия­сы­ның бел­сенді мүшесі, зейнеткер Мақсым Сәкөнұлына берді. Ардагер өзінің «Қазақстандағы прези­денттік басқару жүйесінің рөлі» атты тақы­рыпта қозғаған ой-пайымында еліміздің зайыр­лығы туралы және жаңа Консти­туция­ның талаптарына сай сайлау қағидаларын айтып берді. Атырау қалалық электр же­лілері меке­месінің трансформатор бекеттерін жөндеу және техника­лық қызмет көрсету шебері Асылхан Ерболұлы баяндамасын «Президент­тік сайлауда таңдауы­мызды жасаймыз және сайлау әділ де ашық түрде өтетініне сенімдіміз. Дауыс беру – азаматтық парызы­мыз. Біздің ойымызша, алдағы уақытта өтетін президенттік сай­лау – зор болашақтың бастамасы. Қазіргі кезде Nur Otan партия­сын­да белсенді, тәжіри­белі, абыройлы, Қазақстанның болашағына алаң­дайтын азамат өте көп. Осы сай­лаудан үлкен үміт күтеміз. Өйткені бізге болашағы­мызды, ертеңімізді айқындайтын, айдында жүзген кемеміздің бағытын айқындайтын ұлт көшбасшысы керек» деген пікірімен қорытын­дылады. Кәсіпорын жастары атынан сөз алған №6 учаскенің электр есеп­тегіш құралдарын пайдалану бойынша 3-топты электр монтері Серікболсын Төлегенұлы – биыл ал­ғаш рет Президент сайлауына қаты­сып, таңдауын білдіретін жас маман. – Мен еліміздің ең маңызды науқаны – Президент сайлауына алғаш рет қатысып, дауыс бергелі отырмын. Біз бірлесіп Қазақ­станды табысқа жеткізуге атсалы­сып, бірлесе жұмы­лып, оны өр­кен­деуші мемлекет етуіміз қажет. Тәуелсіз Қазақстанның болаша­ғын басқаратын Президентті жастар қолдап, әділ сайлау арқылы таң­дауы керек. Жастар осы сай­лауға жауапкер­шілікпен қарай­тынына сенеміз. Өйткені сай­лау – халық­тың ең маңызды таң­дауы, мемлекет тағдырын тұлға қолына сеніммен тапсыруы, –деп жастар­ды сайлауда дауыс беруге белсен­ді қатысуға шақыр­ды. «Атырау Жарық» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы Бағыт­жан Алипов еңбек ұжымы­мен болған жиын қортындысында қоғамның алдыңғы қатарлы мү­шесі және ел патриоты ретінде сай­лауалды жұмыстар мен партия­ стратегиясын іске асыруда белсенді болуға шақырды.

Атырау облысы Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ