Елбасы рөлі талқыланды
Елбасы рөлі талқыланды
Қостанайда «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада «Сарапшы» саяси клубының бірінші отырысы аясында ұйымдастырылды. Кездесуге облыстағы саяси партиялардың басшылары, азаматтық қоғам, зиялы қауым, мәдениет пен білім саласының қызметкерлері қатысты.

Талқылау кезінде сарапшылар Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлін айта келе, алдағы саяси өзгеріс­тер­дің маңызына да ерекше тоқ­талды. Олар Елбасының сая­сатын одан ары іске асыру мақса­тында мұндай басқосулар жиі ұйым­дастырылу керегін баса айтты. – Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті халқымыз үшін стратегия­лық мәні зор бағдарламаларында бірқатар маңызды міндетке, қазақ елінің болашағын кемелдендіруге қатысты өзекті мәселеге баса на­зар аударғаны мәлім. Елбасының бағдарламалық құжаттарындағы жіктелген өзекті міндеттердің қай-қайсысы да еліміз үшін аса маңыз­ды, – дейді Nur Otan партиясы саяси жұмыс бөлімінің меңгеру­шісі Олжас Дүйсеков. Ал қоғам қайраткері, Nur Otan партиясының ардагері Римма Ғайсенова Қазақстан отыз жыл ішінде адам сенгісіз нәтижеге қол жеткізгенін тілге тиек етті. – Тәуелсіз Қазақстанның да­муында Н.Назарбаевтың еңбегі өлшеусіз. Мұны егемендіктің бірінші күнінен-ақ байқауға бо­лады. Елбасы әуелі шекараны ше­ген­деді. Одан кейін ядролық қару­дан бас тартты. Семей поли­гонын жапты. Бүкіләлемдік көрме ұйымдастырды. Міне, осындай салиқалы саясатының арқасында Қазақстанды әлемге танытып, аянбай еңбек етті. Еліміздің саяси-экономикалық дамуына жан-жақты қолдау көр­сете білді, – деді Римма Ғайсенова. Аталған мәселе бойынша об­лыстық ішкі саясат басқарма­сының басшысы Зәуре Байменова да пікір білдіріп, саяси клуб құру­дың мәні мен маңызы туралы айтып өтті.

А.Жасанұлы