Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мессенджерлерде тараған ақпаратты жоққа шығарды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мессенджерлерде тараған ақпаратты жоққа шығарды
© Сурет ғаламтордан
157
оқылды
Елордада 2020 жылғы 6 сәуірден бастап судың өшірілуі туралы мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетсек, мессенджерлерде 6 сәуір күні сағат 10.00-де Астана су арнасындағы апатты жою жұмыстарына байланысты су өшірілетіні туралы хабар тараған болатын. Сол себепті тұрғындарға үйдегі бар ыдысқа су толтырып алуға кеңес берілген. Қала әкімдігі бұл хабарламаны жоққа шығарды. «Қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көзіне сенуге шақырамыз. Жалған ақпаратты тарату қатаң түрде жауапкершілікке тартылады», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Елордада 2020 жылғы 6 сәуірден бастап судың өшірілуі туралы мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды! Қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Жалған ақпаратты тарату қатаң түрде жауапкершілікке тартылады. ______________ Информация, рассылаемая в мессенджерах об отключении в столице воды с 6 апреля 2020 года в связи с аварийными работами, не соответствует действительности! Призываем горожан верить только официальным источникам информации. За распространение ложной информации грозит строгая ответственность.

Публикация от NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan)

Тұмар МЫРЗА