Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 3 науқастың жағдайы ауыр

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 3 науқастың жағдайы ауыр

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы коронавирус жұқтырған үш науқастың жағдайы нашар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бүгін тағы 4 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 3 науқас ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы бір науқастың жағдайы орташа дәрежеде", - деді Ержан Нұрлыбаев Instagram желісіндегі парақшасында.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

2020 жылдың 5-сәуірдегі Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай Бүгінгі күні Қарағанды облысында тәулік бойы бақылаумен 824 адам карантинде (1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты жұқтырған тұлғалармен байланыста болған азаматтар) үй карантинінде 1 339 адам. Олардың барлығы өзін жақсы сезінеді, ауру белгілері жоқ. Бүгін коронавирус инфекциясының тағы 4 жағдайы тіркелді. 3 науқас ауыр жағдайда реанимациялық бөлімде, 1 науқастың жағдайы орташа. _____ Эпидемиологическая ситуация в Карагандинской области на 5 апреля 2020 года На сегодняшний день в Карагандинской области на карантине с круглосуточным наблюдением находятся 824 человека (граждане вернувшиеся из стран категории 1А или контактировавшие с условно зараженными лицами) на домашнем карантине находятся 1 339 человек. Все они чувствуют себя хорошо, симптомов болезни нет. Сегодня были подтверждены еще 4 случая коронавирусной инфекции. 3 пациента находятся в реанимации в тяжелом состоянии, состояние 1 пациента средней степени тяжести.

Публикация от Ержан Нурлыбаев (@nurlybaev.erzhan)

Оның айтуынша, бүгінде Қарағанды облысында карантинде 824 адам жатыр. Олар 1А категориялы елден келген адамдар және коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар. Үй карантинінде 1399 адам жатыр. Ержан Нұрлыбаев барлығының жағдайы жақсы екенін, ауру белгілері жоғын айтты. Еске салайық, жалпы Қарағанды облысында коронавиус инфекциясын жұқтырған 31 адам тіркелген.