Шымкенттен келген ер адам үйіне барып келу үшін Ақтөбе облысында карантиннен қашып кетті.
5 сәуірде төтенше жағдай режимін бұзған 133 дерек тіркелген. Оның ішінде Әкімшілік бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша - 122 құқық бұзушылық, 10 адам қамауға алынып, 56 адамғаайыппұл салынған. Сондай-ақ, 8 адамға ескерту жарияланып, 43 іс сотқа жіберілген. Әкімшілік бұзушылық туралы кодекстің 478-бабы боынша 11 тәртіп бұзушылық анықталған, 7 адамға айыппұл салынып, 4 адам қамауға алынды. Еске салайық, бүгінде Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған 10 адам тіркелген.