6 облыста дабылды ескерту жарияланды
6 облыста дабылды ескерту жарияланды
© Сурет ғаламтордан
123
оқылды
Дүйсенбі күні Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жарияланды,деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі. "6 сәуір күні Ақмола, Қостанай және Қызылорда облыстарында күн күркіреп, тұман түседі, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 метр секундына дейін жетеді", - делінген жексенбі хабарламасында. Синоптиктер дауылдың ықтималдығын 85-95 % шамасында бағалауда. "6 сәуірде Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түсіп, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жылдамдығы 15-20 метр секундына дейін жетеді",-делінген хабарламада. Метеорологтардың мәліметтері бойынша, дауылдың ықтималдығы 90-95 %. "6 сәуірде Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп,  солтүстік-батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Дауылдың ықтималдығы  80-95 %", - делінген хабарламада.