Жапониядағы BBT университетінің түлектері роботты басқарып, сертификаттарын алды
Жапониядағы BBT университетінің түлектері роботты басқарып, сертификаттарын алды
© Сурет BBT университетінің веб-сайтынан
275
оқылды
Жапонияның белді университеттерінің бірі Covid-19 індеті кезінде диплом тапсыру рәсімін қауіпсіз өткізудің жолын тапты. PR Times сайтының мәліметтері бойынша, Business Breakthrough университеті (BBT University) 28 наурыз күні Токионың Чиода ауданындағы Grand Palace қонақ үйінде диплом тапсыру рәсімін өткізді. Covid-19 індеті өршіп тұрғандықтан түлектер бұл рәсімге арнайы келіп қатыса алмады. Олар newme роботтарын қашықтықтан басқарып сертификаттарын салтанатты түрде қабылдап алды. [caption id="attachment_33414" align="alignnone" width="650"] width= © Сурет BBT университетінің веб-сайтынан[/caption] ANA Holdings компаниясы әзірлеген newme роботтарында арнайы дисплей экран орнатылған. Ол арқылы робот "иесі" қашықтан онлайн түрде байланысқа шығып отырды. Салтанатты жиын қонақтарынан ерекшеленбеу үшін роботтар да түлектер сияқты киінген. [caption id="attachment_33413" align="alignnone" width="650"] width= © Сурет BBT университетінің веб-сайтынан[/caption] Қалған түлектер сондай-ақ ZOOM арқылы рәсімге қатысты. Олар бәрін нақты уақыт режимінде тамашалап отырғандықтан пікір білдіріп, өздерін кәдімгі кеш қонақтары секілді сезінді. [caption id="attachment_33417" align="alignnone" width="650"] width= © Сурет BBT университетінің веб-сайтынан[/caption]