«Жұмысқа барамын...» – жалған анықтамамен көшеде жүргендердің үстінен қылмыстық іс қозғалады
«Жұмысқа барамын...» – жалған анықтамамен көшеде жүргендердің үстінен қылмыстық іс қозғалады
Фото: Интернеттен алынды
2,169
оқылды
Карантин енгізілгелі талап-ережеге атүсті қарап жүргендер әлі де бар. Осыған байланысты Алматы қаласының жол полициясы әкімдік қызметкерлерімен бірге рейд жүргізді. «Үйде болыңыз, себепсіз ешқайда шықпаңыз» деген сөздер күн сайын көгілдір экраннан да, әлеуметтік желілерден айтылып та, жазылып та жатыр. Бірақ әлі де ескертулерді елемей, қауіпті індетке көз жұма қарап жүргендер көп. Тексеріс кезінде әркім әртүрлі сылтау айтады. Көпшілігінің қолында анықтама қағазы бар. Жол полициясы мен әкімшілік қызметкерлерінің арнайы жүргізген рейд нәтижесінде бүгін 29 жеңіл көлік айып тұрағына қойылса, 177  адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 16 адам қамауға алынды.
Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов: «Кейбір мекеме басшылары туыстарына біз жазған анықтама берген көрінеді. Ертеңнен бастап бұл анықтамалар жарамайды. Базада медицина саласында істейтін, құқық қорғау орындарында істейтін әріптестеріміз, комуналдық және де азық-түлікпен қамтитын компаниялар толығымен тізімге кірді. Бұл тізімде бүгінгі таңда 20 мыңнан астам көлік бар. 59 мыңнан астам азамат бар. Сол тізім бойынша бүкіл блок-бекеттер жұмысын сол базаға қарап өз жұмысын істейді», – дейді.
Тәртіпке бағынбағандар ереже бұзғандар қатаң жазаланады. Ал егер жалған анықтама жасатып алсаңыз, онда жағдайыңыз мүлде қиын. Қылмыстық іс қозғалып, жауапқа тартылуыңыз да әбден мүмкін.