Төтенше жағдай жарияланып, халықты ауыр індеттен сақтандыру шаралары жүзеге асуда. Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдегі жағдайға байланысты таяуда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет ел арасында қайырымдылық шарасын ұйымдастыру жөнінде үндеуін жариялады.
Дінбасшысының бастамасын бірауыздан қолдаған Семей өңірі бойынша «Зекет» қорының ұйымдастыруымен бірігіп, қиын-қыстау кезеңде көпбалалы отбасы, жалғызбасты аналарға көмек беру мақсатында «Жүрек жылуы» және #Biz_Birgemiz атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.